Олимпиада жеңімпаздары бағдарлама аясында бакалавриат бойынша оқуға мүмкіндік алады
«Болашақ» бағдарламасы аясында дарынды балаларды қолдау бойынша заңнамаға жаңа түзетулер дайындалды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов telegram арнасына жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.
2021 жылдан бастап президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары 5 млн теңгеге дейін бір реттік ақшалай сыйақы алып, Қазақстанның кез келген университетінде тегін оқуға грант иесі бола алады.
Депутаттар бірлесіп, «Болашақ» бағдарламасының ауқымын кеңейтіп, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарын бағдарлама аясында бакалавриат бойынша оқытуға мүмкіндік беретін нормаларды ұсынды.
Айта кетсек, қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша тек магистратура, докторантура және тағылымдамалар бағдарламалары бойынша оқуға болады.
Жаңа нормалар бойынша оқуға түсудің негізгі шарттары келесідей болмақ:
Олимпиада жеңімпаздары қазір Қазақстан университетіне грант алу құқығына ие. Алайда, шетелдік жетекші университеттер оларға бакалавриатта оқуға өз гранттарын үнемі ұсынып отырады және осы дарынды балаларымыз шетелге кетіп, сосын көбіне елге оралмайды. Мемлекет балабақша мен мектептен бастап осындай талантты балаларға инвестиция жасағаннан кейін, бұл дарынды балаларды басқа мемлекеттің экономикасына жұмыс істеу үшін беріп қоймай, әрі қарай қолдап, еліміздің дамуына жұмыс істету маңызды, – деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Депутат маусымда Үкіметтен осы түзетулер бойынша оң қорытынды алып, қазір ол жұмыс тобында қарастырылып жатқанын атап өтті.