Halyq Uni логотип
×

МАЭК кәсіпорнында ірі апат болғаны туралы ақпарат жалған

Су қалыпты жағдайда шектеусіз беріледі

 Халық үні 22.07.2024 | 08:07
МАЭК кәсіпорнында ірі апат болғаны туралы ақпарат жалған
Фото: depositphotos.com

МАЭК кәсіпорнында ірі апат орнағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы мәлім етті.

Бұған дейін Ақтау қаласының тұрғындары арасында WhatsApp желісі арқылы аудио хабарлама тараған болатын. Онда МАЭК кәсіпорнында ірі апат орнағаны, алдағы уақытта су қайта ажырауы мүмкін екендігі туралы айтылған.

«МАЭК» кәсіпорнында ешқандай апат болған жоқ. Су қалыпты жағдайда шектеусіз беріледі», - дейді энергокомбинаттың баспасөз қызметі.

Ал «Каспий жылу, су арнасы»МКК қазіргі уақытта ауыз су қысымының төмендеу себебін анықтауда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама