×

Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

 Халық үні 21.07.2024 | 20:38
фото: ТЖМ

АН-2 ұшағы Ақмола облысында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағының өртенуі орын алды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланды, - деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Шақырылған сәттен бастап 8 минут ішінде ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулады. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді.

Осы оқиға бойынша Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрады. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама