Оны бүкіл қала іздеген болатын
Кеше жоғалып кеткен 3-ші сынып оқушысы аман-есен табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұл баланы полицейлер, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қала болып іздеді. Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Тәртіп сақшылары іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде оқушыны Шығыс кентінің аумығынан тапты, деп мәлімдеді Абай облысының полиция департаменті.
Қазіргі уақытта ол Әуезов полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылады.
Бұған дейін Семейде 9 жасар баланың табылмай жатқаны жайлы жазған едік.