Halyq Uni логотип
×

Семейде жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды

Оны бүкіл қала іздеген болатын

 Қымбат Елтайқызы 21.07.2024 | 16:00
Семейде жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды
фото: Абай облысы ПД

Кеше жоғалып кеткен 3-ші сынып оқушысы аман-есен табылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұл баланы полицейлер, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қала болып іздеді. Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Тәртіп сақшылары іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде оқушыны Шығыс кентінің аумығынан тапты, деп мәлімдеді Абай облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта ол Әуезов полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізіліп жатыр. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылады.

Бұған дейін Семейде 9 жасар баланың табылмай жатқаны жайлы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама