Хаттың мазмұны жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королін құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мемлекет басшысы Бельгияның Ұлттық күніне орай король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, деп мәлімдеді Ақорда.
Қазақстан мен Бельгияны берік достық және өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді, – деп жазылған жеделхатта.
Тоқаев король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.