Олар түн ортасында құтқарылды
Бүгін түнде тұрғын үйдегі от сөндірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттар жанды. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде жалын сөндірілді, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ күштері арнайы сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады, – деп толықтырды ведомство.
Министрлік азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.