×

Хромтауда 55 адам өртеніп кете жаздады (ВИДЕО)

Олар түн ортасында құтқарылды

 Қымбат Елтайқызы 21.07.2024 | 11:40
фото: ТЖМ

Бүгін түнде тұрғын үйдегі от сөндірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттар жанды. Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде жалын сөндірілді, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ күштері арнайы сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады, – деп толықтырды ведомство.

Министрлік азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама