Екі қазақстандық төреші Париж Олимпиадасында төрелік етеді
Олар – халықаралық дәрежедіге төрешілер
Екі қазақстандық төреші Париж Олимпиадасында төрелік етеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Париж олимпиадасының төрешілер құрамына теннис спорт түрінен қазақстандық Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко енді, деп мәлімдеді Olympic.kz.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Меруерт және Юлия – күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі төрешілер. Кәукеева мен Игнатченко үшін бұл екінші Олимпиада болмақ. Осыған дейін олардың 2021 жылы Токиода төрелік еткені белгілі, – делінген хабарламада.
Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын теннистен жекелей сында Елена Рыбакина және Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды. Сондай-ақ жұптық сында Бублик және Александр Недовесов өнер көрсетеді.