Halyq Uni логотип
×

Зеленский соғыс жағдайын ұзартып, мобилизацияны жалғастыруға бел буды

Сондай-ақ ол АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамппен кездесуге келіскен

 Халық үні 20.07.2024 | 22:34
Зеленский соғыс жағдайын ұзартып, мобилизацияны жалғастыруға бел буды
фото: Reuters/© Ukrainian Presidential Press Service

Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада елдегі әскери жағдайды ұзарту және жұмылдыру туралы заң жобаларын Жоғарғы Радаға енгізеді, деп хабарлады депутат Ярослав Железняк.

Алдағы күндері президент Парламентке екі заң жібереді: соғыс жағдайын ұзарту және мобилизацияны жалғастыру туралы, – деп жазды ол Telegram арнасында.

Железняк Украинадағы әскери жағдай 2024 жылдың 11 тамызына дейін күшінде екенін еске салды. Сондай-ақ ол заң жобалары бойынша дауыс беру келесі аптада – 22-25 шілдеде өтуі мүмкін екенін айтты.

2024 жылдың 9 қарашасына дейін тағы да (ұзартылған) 90 күн болуы мүмкін. Бұл – әскери жағдай туралы Раданың 12-ші дауыс беруі, - деп түйіндеді сөзін депутат.

Бұдан бөлек, Sputnik радиосы Зеленскийдің АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамппен кездесуге келіскенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама