Тоқаев Руанда президентіне жеделхат жолдады
Хаттың мазмұны жария болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тоқаев Поль Кагамені Руанда мемлекетінің басшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, елінің өркендеуі жолындағы бастамаларына табыс тіледі, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Руанда – Африканың орталығында, Сахара шөлінің оңтүстігіне қарай орналасқан республика.