Қосшыда төрт жасар бала терезеден құлап кетті
Құтқарушылар ата-аналарға ескерту жасады
Қымбат Елтайқызы
20.07.2024 | 15:59
Төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болды. Түрлі жарақат алған ұл бала ауруханаға жатқызылды, деп мәлімдеді Төтенше жағдай министрлігі.
ТЖМ мамандары ата-аналарды ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
- Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіздер.