Астанада жанып жатқан көліктен үш бала құтқырылды

Қымбат Елтайқызы

Оларды көлік қасынан өтіп бара жатқан куәгер аман алып қалған

фото: видеодан скриншот

Елордада жеңіл автокөлік өрті сөндірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін Астанада жеңіл автокөлік жанды. Жалын басталған сәтте көлікте үш бала болған. Оларды көлік жанында тұрған куәгер алып шығып үлгерген, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ күштері отты шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде жойды. Зардап шеккендер жоқ, – деп толықтырды ведомство.

Автомобильде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, деп ескертті министрлік.