×

Ұлттық қордан бөлінген миллиардтаған қаржы мақсатсыз жұмсалған

Заң бұзушылық фактілер негізінен атқарылмаған жұмыстар мен орындалмаған қызметтерге ақы төлеуге қатысты

фото: aikyn.kz

Ұлттық қордың тұжырымдамасында қарастырылмаған бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Бұл туралы есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Президенттің қабылдауынан кейін берген сұхбатында айтты.

«Президентке Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттерге жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы туралы баяндама жасадым. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша шамамен 9 млрд теңгенің қаржылық заң бұзушылық фактісі анықталды. 290 млрд теңгенің 20 жобасында атқарылмаған жұмыстар мен орындалмаған қызметтерге ақы төлеуге қатысты заң бұз фактілері анықталды», - деді есеп комитетінің төрағасы. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама