×

«Мүмкіндік беру керек»: Дәулет Тұрлыханов «Дикий Арман» туралы айтты

Саясатта Арман секілді азаматтарға мүмкіндік беру керек дейді

коллаж: Halyq Uni

Қазақстанның Еңбек сіңірген спортшысы және жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов «Talk Like» Youtube арнасына берген сұхбатында көпшілікке «Дикий Арман» лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевпен кездесуі туралы айтты. 

«Ол кезде Белградта күрес федерациясының үлкен конгресі өткен. Сонымен қатар бокстан әлем чемпионаты жүріп жатты. Арманды қонақ үйдің астындағы дәмханада көрдім. Ол келіп, амандасты. Бірге суретке түстік. Кейін боксшыларға сыйақысын беріпті. Енді Дикий Арман туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Себебі өз көзіммен көрген жоқпын, алып-қашпа әңгімеге ілеспеймін», – дейді ДәулетТұрлыханов.

Еңбек сіңірген жаттықтырушы саясатта Арман секілді азаматтарға мүмкіндік беру керек дейді. 

«Саясатта Арманға ұқсаған тіпті одан асып түсетін азаматтарға мүмкіндік беру керек. Өйткені өсіп келе жатқан жастарға қарауы қажет. Егер бақылау болмаса, жастар бірігіп, түрлі топтар пайда болады. Айтайын дегенім, қазақтың жас батырлары керек. Өкінішке орай, қазір ешкімді батыр деп айта алмаймыз. Бұл – мемлекеттің кемшілігі», – дейді ол. 

Айта кетейік, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий Арман» бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталған.

Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама