×

Microsoft жүйесіндегі ақау елдегі инфрақұрылымдар мен IT-сервистерге әсер етпеді – министрлік

 Динара Амантай 19.07.2024 | 15:35
Фото: dzen.ru/Project SFERA Live

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Microsoft жүйесіндегі ақау елдегі инфрақұрылымдар мен IT-сервистерге әсер етпегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазір елдің маңызды инфрақұрылымдары мен мемлекеттік IT-сервистерінің жұмысында ешқандай ақаулар тіркелмеген. Шағымдар түскен жоқ, барлық жүйелер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр, – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, Microsoft Azure сақтау платформасының істен шығуы американдық авиакомпаниялардың 200-ден астам рейсінің кешігуіне және 130-дан аса рейстің тоқтатылуына себеп болған.

CNN телеарнасының мәліметінше, 18 шілдеде Microsoft корпорациясы Azure платформасының АҚШ-тың орталық бөлігінде жұмысын тоқтатқанын хабарлаған. Корпорация келеңсіз оқиғаның себебін анықтағанын және мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама