Ақылы жолдардан бір жылда 31,9 млрд теңге түсті
Республика бойынша 17 ақылы жол учаскесі бар
2023 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі автомобиль жолдардың 17 ақылы учаскесінен шамамен 31,9 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазавтожол» ҰК» АҚ мәліметінше, аталған қаражат 3 мың 221 шақырым болатын ақылы учаскелерді күтіп-ұстауға, оны жөндеу жұмыстарына және төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалануға жұмсалған.
Компания шығындардың негізгі бөлігі қайда жұмсалатынын атады:
- Учаскелерді күтіп-ұстау:
- ақылы автожолдардың күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстары;
- өндірістік персоналдың еңбекақы қоры;
- жанар-жағармай материалдары;
- техникалардың қызметі;
- өндірістік материалдар;
- мердігер мекемелердің қызметі;
- өндіріс базасын күтіп-ұстау;
- басқа да жұмыстар мен қызметтер.
2. Төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін пайдалану:
- төлем алу жүйесінің бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстау қызметі;
- өндірістік персоналдың еңбекақы қоры.
3. Әкімшілік-басқару персоналына:
- еңбекақы қоры;
- басқа да тауарлар, жұмыстар, қызметтер (офисті жалға алу, іссапар шығындары, салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер және тағы басқа).
4. Басқа да шығындар.
5. Бюджетке түсетін корпоративті табыс салығы.
6. Күрделі салымдар (жол пайдалану техникасын және бағдарламалық-аппараттық кешенінің жабдықтарын сатып алу).
Еске сала кетсек, бұған дейін ақылы жолдардың саны артып, 2 мың шақырымнан астам 11 жол учаскесіне төлем алуды енгізу жоспарланып отырғанын хабарлаған болатынбыз.