×

Қазақстандықтар енді виртуалды әлемде оқудан өте алады

Мансап орталықтарында VR шлемдермен және ноутбуктермен жабдықталған кабинеттер ашылады

 Динара Амантай 19.07.2024 | 13:22
Фото: Halyq Uni

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына түзетулер енгізілмек. Ол бойынша қазақстандықтар Skills Enbek онлайн-платформасы арқылы виртуалды кеңістікте оқу курстарына өте алады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тиісті құжатты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоғамдық талқыға салу үшін «Ашық НҚА» порталына 1 тамызға дейін орналастырды. Жобаға сәйкес, платформадағы курстар практикалық сабақтармен, оның ішінде виртуалды шындық технологияларын пайдалана отырып толықтырыламақ.

Минстрліктің мәліметіне сүйенсек, мансап орталықтарында VR шлемдермен және ноутбуктермен жабдықталған кабинеттер ашылады.

Айта кетсек, Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы қазақстандықтарға онлайн-курстардан өту арқылы жаңа дағдылар мен кәсіптер алуға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде оқу курстарынан 61 мыңнан астам адам өтіп, тиісті сертификаттар алған.

Бүгінде порталда 500-ге жуық курс орналастырылған. Оның жартысынан көбі – тегін. Курстардың ұзақтығы – 1 сағаттан 72 сағатқа дейін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама