Президент металлургтерді марапаттады
7 маман президенттің Құрмет грамотасын алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президенті жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Оның ішінде 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.
7 маман Қазақстан президентінің Құрмет грамотасын иеленді.
Айта кетейік, шілденің үшінші жексенбісінде металлургтер күні мерекеленеді.