Halyq Uni логотип
×

Түркістанда америкалық ерлі-зайыптыға 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

54 және 45 жастағы екі шетелдікке қатысты іс әкімшілік сотта қаралды

 Динара Амантай 19.07.2024 | 09:22
Түркістанда америкалық ерлі-зайыптыға 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
Фото: golos-naroda.kz

Америкалық ерлі-зайыптыларға қос азаматтығы үшін 738 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Түркістан қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ҰҚК-нің шекара қызметімен бірлесіп, Түркістан-Стамбұл бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған ерлі-зайыптыларды анықтады. Олар 54 және 45 жастағы АҚШ азаматтары болып шықты.

Көлік полицейлері құқықбұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, материалды Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік сотына жолдады.

Сот шешімі бойынша шетел азаматтары 200 АЕК (738 мың 400 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетсек, бірінші жартыжылдықта Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1483 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде сот шешімі бойынша 484 шетелдік елден шығарылды. Қос азаматтығы бар 181 адам анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама