Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Қырғыз Республикасы Қара ой ауылында Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Ыстықкөл облысы ішкі істер департаментінің мәліметінше, қазақстандықты катер қағып кеткен. Қайғылы оқиға 15 шілдеде Қара ой ауылындағы демалыс орталықтарының бірінің жағажайында болған. Сол күні 42 жастағы Балықшы ауданының тумасы аудандық ауруханаға жеткізіліп, ертеңіне ауыр жарақаттарының салдарынан қайтыс болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 16 шілдеде жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, – делінген полиция хабарламасында.
Катердің иесі 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Су көлігін 18 жастағы жігіт басқарған. Тергеуге дейінгі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.