Halyq Uni логотип
×

Ираннан Қазақстанға есірткі жеткізбек болған шетелдіктерге сот үкімі шықты

Сотталушылар өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінді

 Динара Амантай 18.07.2024 | 17:20
Ираннан Қазақстанға есірткі жеткізбек болған шетелдіктерге сот үкімі шықты
Фото: Depositphotos

Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ираннан Қазақстанға есірткі жеткізбек болған екі шетелдікке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, сотталушылар пайда табу мақсатында алдын ала сөз байласып, аса iрi мөлшерде есірткіні және сол тектес психотроптық заттарды контрабандалық жолмен Ираннан Қазақстан аумағына мемлекеттiк шекара арқылы заңсыз өткізбек болған. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде сотталушылардан 109,34 грамм героин, 4,48 грамм метамфетамин, 23,56 грамм опий және 8,70 грамм метадон табылып, тәркіленді.

Сотталушылардың кінәсі олардың жауаптарымен, куәгерлердің берген айғақтарымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Сотталушылар өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінді.

Сотталушылар ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен, 297-бабының 3-бөлігінің 1,3)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама