Компания экологиялық заңнаманың талаптарын бұзған
Павлодарда табиғатты ластаған мекемеден 106 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, «KSP Steel» ЖШС экологиялық заңнаманың талаптарын сақтамастан, 8,5 мың тонна қауіпті өнеркәсіптік қалдықтарды тиісті рұқсаты жоқ мекемеге берген.
Қадағалау актісі бойынша салық органдары хабарлама жіберіп, «KSP Steel» ЖШС-нен қоршаған ортаға жіберілген эмиссиялар үшін 106 млн теңге мөлшерінде төлем өндірілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін ШҚО-да кен өндіруші компания суға ластаушы заттарды 83 мың есе артық тастағанын хабарлаған болатынбыз.