Олар ведомство символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдарын жібереді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті соңғы уақытта алаяқтар күштік құрылымдардың, соның ішінде ведомство басшыларының атынан азаматтарға жиі хабарласатынын ескертті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алаяқтар азаматтарға қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштерімен немесе талаптарымен телефон арқылы қоңырау шалады немесе мәтіндік хабарламалар жібереді. Бұл ретте қылмыстық мақсатта ақшалай несие рәсімделгені жайлы, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы қорқыту ниетімен хабарлама жіберіледі.
Сондай-ақ, бұндай жағдайларда алаяқтар ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдарын жиі жіберетіні айтылды.
ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Егер азамат осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімелесуді немесе хат жазысуды тоқтатып, 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуіге тиіс.