Денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді
Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын қазақстандықтар дәрілік препараттармен толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез-келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады. Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды, – делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізетіні айтылды.
Қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі арқылы Call-орталыққа хабарласуға болады. Онда онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қатысты мәселелер бойынша өтініштер қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.