Үндістанда Қазақстан азаматына жыныстық зорлық жасады деген күдікті қамауға алынды
Жөргегін ауыстырғанда медбике қазақстандық әйелге орынсыз қол тигізді деген болжам бар
Дүйсенбі күні 25 жастағы медбике қазақстандық 50 жастағы науқасқа сексуалдық зорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Полицияның хабарлауынша, жексенбі күні Artemis ауруханасында әйел тізе буынының артроскопиясынан өткен, деп жазады The Times of India.
Полицияның мәліметінше, науқас жұма күні қызымен бірге Үндістанға келген. Жексенбі күні оған ота жасалып, кейін қалпына келтіру бөлмесіне ауыстырылды. Жөргегін ауыстырып жатқанда медбике әйелге орынсыз қол тигізді деген болжам бар.
Басында әйел жаман ой ойламаған. Бірақ айыпталушы сол күні оған бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен. Ақыры әйел бұл туралы қызына айтқан. Бұл туралы қызы аурухана басшылығына айтып, полиция шақырған.
Күдікті дүйсенбі күні қамауға алынды.
Айыптауларды ескере отырып, біз оқиғаға қатысы бар барлық тараптарға әділетті қарауға және шындықты анықтау үшін және әділеттілікті қамтамасыз ету үшін мұқият және бейтарап тергеу жүргізілуіне барлық күш-жігерімізді саламыз, - делінген аурухана мәлімдемесінде.