×

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Республика бойынша желдің күшейюі күтілед

 Халық үні 18.07.2024 | 07:02

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 18 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

Баяу жылжитын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды, жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, қатты жел тұрады.

Республика бойынша желдің күшейюі күтіледі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады.

«Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды ведомстводан.

Маңғыстау, Атыраудың оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Түркістанның шөлді аудандарында, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында төтенше өрт қаупі бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама