1414-тен келген хабарлама: eGov қазақстандықтарға ескерту жасады
Электрондық үкімет өкілдері үшінші тұлғаларға ЭЦҚ бермеу қажет екенін ескертті
Электрондық үкімет порталының өкілдері алаяқтық әрекеттерге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.
Құрметті пайдаланушылар!
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін 1414-тен кодтары бар хабарламаларды үшінші тұлғаларға жібермеңіз. Алаяқтар хабарламадағы кодты пайдаланып, сіздің цифрлық деректеріңізге қол жеткізе алады, - делінген хабарламада.
Осы орайда электрондық үкімет өкілдері үшінші тұлғаларға ЭЦҚ бермеу қажет екенін ескертті.
ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға бере отырып, сіз оларға заңды қол қою мүмкіндігін бересіз және оның салдары үшін жауап бересіз, - делінген ақпаратта.
Деректерді қалай қорғауға болады:
- 1414-тен жіберілген sms-кодты үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- ЭЦҚ үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- қызметкерлер жұмыстан босатылғаннан кейін ЭЦҚ кері қайтаруын қадағалаңыз;
- ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беріңіз;
- ЭЦҚ бар флешка жоғалған жағдайда бірден жаңа ЭЦҚ алыңыз;
- ХҚКО алынған ЭЦҚ құпия сөзін ауыстырыңыз;
- бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілтін ашу үшін ақылы көмекке жүгінбеңіз.
ЭЦҚ туралы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ЭЦҚ жабық кілттерін басқа адамдарға беруге болмайды. Кодекстің 640-бабының 5-тармағына сәйкес, ЭЦҚ-ның жабық кілтін басқа адамдарға заңсыз бергені үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК, ал заңды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.