Halyq Uni логотип
×

Жәнібек Савальевты асырап алған анасы қайтыс болды

Жәнібек анасының қатты қиналып жатқанын айтқан еді

 Халық үні 17.07.2024 | 19:40
Жәнібек Савальевты асырап алған анасы қайтыс болды
Фото: Жәнібектің желідегі парақшасынан

Қазақ баласы Жәнібекті асырап алған бельгиялық азамат 54 жасында өмірден озды. Бұл туралы журналист Қымбат Досжан желідегі парақшасында хабарлады.

Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек берік бол…, - делінген Қымбат Досжанның Instagram парақшасында.

Желідегі жазбаның астына Жәнібек «Мені қолдаған туған елімдегі әрбір отбасына алғыс айтамын. Мен сіздерді жақсы көремін. Жақында сіздермен тағы қауышуға асықпын», - деген пікір қалдырған. 

Айта кетсек, отандасымыз бұған дейін асырап алған анасының денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатқанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама