×

Жаңа оқу жылындағы оқушылардың оқу және демалу уақыты белгіленді

Бірінші сыныпқа баратын балаларға қосымша демалыс беріледі

 Динара Амантай 17.07.2024 | 18:30
Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024–2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ведомство өкілдерінің мәліметіне сәйкес, орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта. Күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Екінші тоқсанда да оқу уақыты – 8 апта. Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталып, 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта ұзақтығы 7 күнге созылатын қосымша демалыс беріледі.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал, 11 күндік көктем маусымындағы каникул 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы – 8 оқу аптасы.

Сондай-ақ, 25 мамырда оқу жылы бітеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама