Halyq Uni логотип
×

Ірі қара мал экспортына квоталар қайтарылды – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Лицензия алуға өтінім беру үшін 2 600 мал басына арналған квота қолжетімді 

 Динара Амантай 17.07.2024 | 17:49
Ірі қара мал экспортына квоталар қайтарылды – Ауыл шаруашылығы министрлігі
Фото: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал экспортына берілген квоталардың қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ведомство өкілдері «Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» қызметі аясында бүгінде мерзімдердің өтуіне байланысты ірі қара мал экспортына бұрын берілген лицензиялардың қолданысы тоқтатылғанын жеткізді. Олардың шеңберінде 2 600 басқа ірі қара мал экспортына квоталар берілген болатын.

Атап айтқанда, бордақылау алаңдары санаты бойынша 2500 басқа, тауар өндірушілер үшін 100 басқа квота қарастырылған.

Қолданысын тоқтатқан лицензиялар шеңберінде алынған пайдаланылмаған квоталар жалпы лимитке қайтарылатын болады, – делінген АШМ хабарламасында.

Министрлік осыған байланысты лицензия алуға өтінім беру үшін 2 600 мал басына арналған квота қолжетімді екендігін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама