×

Қандас талапкерлер үшін қазақстандық ЖОО-ға түсуге жаңа жеңілдіктер бекітілді

Бұлар қандастарға грант ұтып алуға көбірек мүмкіндік бермек

 Қымбат Елтайқызы 17.07.2024 | 12:00
фото: Sputnik / Айсулу Жумагулова

Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп, шетелдегі Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ адамдар үшін еліміздің жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылдады, деп хабаралайды Halyq Uni тілшісі.

Біріншіден, Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шекті балл болмайды.

Екіншіден, бес емтиханның орнына үш емтихан (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән) тапсырады.

Үшіншіден, төрт жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік сақталып қалды.

Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарға орыс тілінде тапсыруға мүмкіндік сақталды.

«Осы ретте, Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ үміткерлер, құжаттарыңызды грант иегері болуға тапсыруға асығыңыздар. Нәтижелер республикалық мерзімді басылымдардың беттерінде және сайттарда 10 тамызға дейін жарияланады», – деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама