Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында 25 келіге жуық есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

Ол сыбайластарымен бірге әрекет еткен

 Қымбат Елтайқызы 17.07.2024 | 11:30

Жамбыл облысының тәртіп сақшылары 24 келіден астам есірткі тасымалдаған Тараз тұрғынын құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2024» профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Меркі ауданының құмды аумағында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде KIA автокөлігін тоқтатты. 

28 жастағы жүргізуші тізгіндеген автокөлік құмды аймақтан Тараз қаласына қарай бара жатқан. Көліктің ішінде облыс орталығының тұрғындары – 24, 26 және 28 жастағы үш жолаушы болған, деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі. 

Автокөлікті тексеру кезінде көліктің жүк салатын бөлігінен жалпы салмағы 24 келі 160 грамм кептірілмеген марихуана есірткі заты салынған 4 полипропилен қапшық тәркіленді.

«Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталғандар өз кінәсін мойындады. Олар Меркі ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама