Жер комитеті жоспардан тыс тексеру жүргізді
Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының Көксу ауданында орналасқан жер қойнауын пайдаланушыға жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Комитеттің аумақтық департамент өкілдері ЖШС мемлекет меншігіндегі көлемі 1,92 гектар жер учаскесін өз бетінше иеленіп алғанын анықтады.
Осыған байланысты, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136-бабына сәйкес шаралар қабылданып, компания басшылығына 553 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекет кірісіне өндірілді.