Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, үш адам көз жұмды

Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді

 Қымбат Елтайқызы 17.07.2024 | 10:39
Қарағанды облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, үш адам көз жұмды
фото: Қарағанды облысының полиция департаменті

17 шілде күні сағат 06.00 шамасында Алматы-Екатеринбург тас жолында Ақсу-Аюлы кентінен 5 шақырым жерде Chery Tiggo жеңіл автокөлігі және Красноярск-Шымкент бағытына жолға шыққан VAN HOOL маркалы автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Салдарынан Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қаза болды. Сондай-ақ, жеңіл автокөліктің үш жолаушысы және автобустың жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста 51 адам болған, деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Жаз маусымында тек Алматы-Екатеринбург тас жолы арқылы күніне 33 мың автокөлік өтеді. Осыған орай, әр 25 шақырымға полиция жасағы қойылып, оның саны 22-ге дейін көбейтілді. Жол-көлік оқиғасына түскен екі көлікті де оқиғаға дейін патрульдік полиция батальоны қызметкерлері тоқтатып, жол жүру ережесін сақтау бойынша ескерткен. Өкінішке қарай, жүргізушілер тәртіп сақшыларының ескертулеріне құлақ аспаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама