Өрттің себебі анықталып жатыр
Астанада екі қабатты сауда үйі өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астана қаласы ТЖД мәліметінше, Байқоңыр ауданында орналасқан екі қабатты «Ажар» сауда үйінде 3 дүкен отқа оранған.
Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеді. Өртті жоюға ТЖМ күштері мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 техника жұмылдырылды.
Өрт толығымен 60 шаршы метр ауданда жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.