Halyq Uni логотип
×

«Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады

Бұл учаскеде 2 көпір мен 2 жол айрығы салынбақ

 Динара Амантай 17.07.2024 | 09:23
«Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, бұл жол I техникалық санатқа ие болып, төрт жолақты жолға айналады.

Құрылыс жұмыстары Ақтөбе өңірінің Хромтау ауданында жүріп жатыр. Жаңа төрт жолақты жол Хромтау қаласының қасында басталып, Ақжар ауылы мен Жазық бекеті арқылы өтеді. Бұл учаскеде 2 көпір мен 2 жол айрығы салынады.

Құрылыс жұмыстарының барысын ведомство басшысы Марат Қарабаев тексерді.

Нысан басында 120 маман мен 100 арнайы техника жұмыс жасап жатыр. Құрылыс жұмыстары қарқынын арттыру мақсатымен тағы да қосымша мамандар мен арнайы техника жұмылдыру көзделді. Биыл мердігер ұйымдар барлық жер жұмыстарын аяқтап, сондай-ақ еріген қар суын өткізуге мүмкіндік беретін су өткізгіш құбырларды салады, – деді Марат Қарабаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама