Halyq Uni логотип
×

Елордада медициналық орталықтың дәрігеріне қатысты сот үкімі шықты

Әлеуметтік салада жемқорлыққа қатысты 95 қылмыс тіркелді

 Динара Амантай 16.07.2024 | 17:00
Елордада медициналық орталықтың дәрігеріне қатысты сот үкімі шықты
Фото: Depositphotos

Биыл әлеуметтік салада жемқорлыққа қатысты 95 қылмыс тіркелді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің мәліметінше, аталмыш бағытта 58 адам әшкереленіп, 34 адам сотталған.

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады. Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген. Қазір қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Сонымен қатар, 11 шілдеде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты елордалық медициналық орталықтың дәрігері Мәкішевке қатысты үкім шығарды. Ол науқастан жоспарлы хирургиялық операция жасағаны үшін 500 мың теңге көлемінде заңсыз сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама