×

Суды заңсыз пайдаланған азаматтарға 12,9 млн теңгеге айыппұл салынды

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды

 Динара Амантай 16.07.2024 | 16:13
Фото: Depositphotos

Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған азаматтардан шамамен 12 млн теңге өндірілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бассейндік инспекция 6 айда су заңнамасын сақтау бойынша 55 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 103 құқықбұзушылық анықталып, кемшіліктерді жою бойынша 42 нұсқама берілген.

Сондай-ақ 12,9 млн теңгеге 143 әкімшілік айыппұл салынып, 11,9 млн теңге көлемінде 127 әкімшілік айыппұл өндірілді. Бұған қоса 16 әкімшілік іс сотқа жіберілді.

Министрлік құқықбұзушылықтарға қарсы күресті күшейту үшін Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды. Комитет Жамбыл облысында тексеріс жүргізіп, оның нәтижесі бойынша материалдар Бас прокуратураға жіберілді. Су саласындағы ашықтық – министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі. Сондай-ақ комитет суды заңсыз пайдаланумен, оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен және еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі, – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама