×

1-сыныпқа баратын балаларға арналған даярлық бағдарламасы әзірленді

Бағдарлама бойынша оқыту 1 айға арналған

 Динара Амантай 16.07.2024 | 18:39
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, «Балақайлар мектебі» балалардың бірінші сынып алдында бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін ұйымдастырылған. Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етіп, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыты бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді.

«Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында мектептерде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Бағдарлама бойынша оқыту 1 айға арналған. Сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзілістермен өткізіледі. Балаларға білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды сынып мұғалімдері сабақ береді, – деді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Айта кетсек, қысқа мерзімді дайындық процесі балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетіп, педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама