Halyq Uni логотип
×

Шымкентте ветеринариялық зертханалардан өрескел заңбұзушылықтар анықталды

6 қызметкер жауапқа тартылды

 Динара Амантай 16.07.2024 | 15:38
Шымкентте ветеринариялық зертханалардан өрескел заңбұзушылықтар анықталды
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласының прокуратурасы ветеринария саласында заңнаманың сақталуына жүргізген тексеру барысында өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атап айтқанда: ветеринариялық қорытындылардың болмауы, зертханалық үй-жайлардың толық еместігі, сараптамаларды формальді түрде жүргізу, актілер шығару, материалдарды сақтау кезінде температуралық режимді сақтамау, кәсіпкерлердің құқығын бұзу.

Ветеринариялық-санитариялық зертханаларға қатысты қадағалау актісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 406, 419, 425-баптарымен 28 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып,  мемлекет кірісіне 5,4 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар ветеринариялық-санитариялық сараптаманы қайталап өткізу тәжірибесін тоқтату арқылы 1004 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Бұған қоса «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама