Суға түсуге тыйым салынған 4,5 мыңнан аса орын анықталды
Шомылу маусымы басталғалы бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су айдындарында қаза тапқан азаматтардың саны күннен-күнге өсіп жатыр. Жазатайым оқиғалар демалыс күндері жиі кездеседі. Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды назардан тыс қалдыру қайғылы жағдайларға әкеледі.
Шомылу маусымы басталғалы бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда адам өлімі 14%-ға азайды, ал балалар өлімі 20%-ға өсті, – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері шомылуға тыйым салынған 4 мың 598 орынды анықтады. Онда 5 мың 894 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылды. 708 рұқсат етілген жаппай демалыс орны бекітілді. Су айдындарының қорғалмаған бөліктерінде 42 тұрақты және қосымша 150-ге жуық жылжымалы маусымдық құтқару бекеттері орнатылды.
ТЖМ Ішкі істер және Көлік министрліктерімен бірлесіп, 39 мың 853 рейд пен патрульдеу жүргізді. Тек әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 721 қазақстандыққа 18 миллионнан астам теңгеге айыппұл салынды.
Сондай-ақ, 45 күннің ішінде құтқарушылар 153 адамды, оның ішінде 38 баланы құтқарған.
Әрбір азамат су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауы қажет: