Кселл компаниясының жаңа басшысы тағайындалды
Бұған дейінгі директор компанияны екі жыл басқарған болатын
«Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин «Кселл» АҚ-ның жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Кселл мобильді операторының басшылығында кадрлық өзгерістер болды, деп мәлімдеді «Кселл» АҚ баспасөз қызметі.
«Бүгін компанияның Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директоры лауазымына Директорлар кеңесінің шешімімен Асқар Жамбакин сайланғаны белгілі болды. Ал бұрынғы Кселл басшысы Асхат Өзбеков компанияны 2022 жылғы 11 мамырдан бастап екі жылдан астам басқарған еді», – делінген хабарламада.