×

Ақтөбе облысында көлік өзенге түсіп кетті: жүргізуші қаза тапты (видео)

Оқиғаның қалай болғаны айтылды

 Қымбат Елтайқызы 07.06.2022 | 16:30

Ақтөбе облысында автокөлік өзенге аударылып кетіп, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«6 маусымда Daewoo Lanos көлігінің 55 жастағы жүргізушісі, Қурайлы кентінің тұрғыны Алға ауданының дала жолымен келе жатып, рөлді басқара алмай, Қарахобда өзеніне түсіп кеткен. Су автокөлік ішіне толып, жүргізуші мерт болған», – дейді ІІМ.

Ведомство мәліметінше, қазір жол-көлік оқиғасының жағдайлары анықталып жатыр.

Маңғыстауда мектеп түлектері жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Өскеменде екі көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті. СҚО-да скутер мінген жүргізуші жол апатынан қаза тапты. Алматы облысында жол апатынан жүргізуші мен екі бала көз жұмды. Оралда жедел жәрдем көлігі апатқа түсті. «Көліктен ұшып кеткен»: Ақмола облысында жасөспірім жол апатына ұшырады. Батыс Қазақстан облысында бір отбасы жол апатына түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама