Газ қозғалтқышы бар автокөлік саны 18%-ға артқан
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында елдің газ саласының дамуы туралы есеп беріп, министрліктің алдағы жоспарларымен таныстырды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы газ қозғалтқышы бар автокөлік саны 582 мыңға жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 18%-ға немесе 491 мың көлікке артты. Сұйытылған газ бағасының төмен деңгейі белгіленуіне байланысты елдегі автокөлік иелерінің осы отын түріне көшуі байқалып, бұл өз кезегінде тұтынудың артуына себеп болып отыр.
Ал энергетика министрлігінің мәліметінше, жүргізілген талдау нәтижесінде, әсіресе шекаралас аймақтарда сұйытылған газға сұраныс артқан. Оның себебі, көрші мемлекеттермен салыстырғанда бағасы төмен.
Министрлік тарапынан бөлінетін сұйытылған газ көлемінің бір бөлігі мұнай-химия өнімдерін шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындарға бағытталады. Осы деректерді ескере отырып, сұйытылған газ тапшылығының көлемі шамамен 20-25%-ды құрауы мүмкін деген болжам бар, – деді министр.
Оның үстіне, елде полипропилен және метил-трет-бутил эфирін өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді. Олар шикізат ретінде сұйытылған мұнай газын пайдаланады. Сондай-ақ, бутадиен өндіру жобасын іске асыру мәселесі қарастырылып жатыр. Оның шикізаты – бутан газы «Теңіз» кен орнынан жеткізіледі. Қазір алкил және полипропилен өндіру жобалары бар. Оларға 300 млн доллар инвестиция салу жоспарланып отыр.
Министрдің сөзінше, осы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жылына 345 мың тонна сұйытылған мұнай газы қажет.
Сұйытылған мұнай газының мұнай-газ химия өнеркәсібі жобаларын іске асырудағы маңыздылығын ескере отырып, Энергетика министрлігі мыналарды қажет деп санайды: