×

Алматы мен Шымкентте қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Полицияға 14 адам жеткізілді

 Динара Амантай 16.07.2024 | 10:14
Фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент және Алматы қалаларының аумағында жастар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оларға қару қолдана отырып, ойын-сауық мекемелеріне ықпал ету арқылы қылмыстық әрекеттер жасады деген айып тағылып отыр.

Осы дерекке қатысты полицияға 14 адам жеткізілді. Тінту шараларының нәтижесінде олардан атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама