×

Стати ісі аяқталды: Тараптардың қандай келісімге келгені белгілі болды

Ұзаққа созылған дау шешімін тапқан сияқты

 Қымбат Елтайқызы 16.07.2024 | 09:41
фото: Halyq Uni

Қазақстан Үкіметі, еліміздің Ұлттық банкі мен Стати тараптары негіздемелік келісімге қол қойды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан Үкіметі, еліміздің Ұлттық Банкі мен Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен Стати тараптары Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды бейбіт және өзара қолайлы реттеу туралы заңды күші бар негіздемелік келісімге қол қойды, деп мәлімдеді Әділет министрлігі.

Тараптар барлық заңды талқылауды тоқтатуға және барлық юрисдикциялардағы ағымдағы талапты тоқтатуға әкелетін өзара қолайлы шарттарда келісімге келуге қуанышты.

Біз негіздемелік келісімді қолдаймыз және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметке сай реформаларының бөлігі ретінде Әділ Қазақстан құру туралы шешімін құптаймыз. Осы дауды реттеу Қазақстанның халықаралық шарттық міндеттемелерін сақтауын куәландырады. Бұл инвестицияларды ұлғайтуға және оның экономикалық өсу әлеуетін арттыруға жол ашады. Біз Қазақстан үшін жаңа дәуірді құптаймыз, - деді CEO Argentem Creek Partners өкілі Дэниел Чапман.

«Осы келісім қоғамдық мүдделерді ескерумен қабылданды және бюджеттік қаражатты жұмсауды көздемейді. Бұл қадам елімізге жаңа инвестицияларды тартуға және экономиканың дамуына оң әсер ететініне сенеміз», - деді Қазақстанның Әділет министрі Азамат Есқараев.

Argentem Creek Partners – Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторлары болып саналатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы.

Стати жеңілісін мойындады: Ұлттық қордың 530 млн АҚШ долларына салынған тыйым алынады. Стати ісі: Амстердам соты 530 млн долларды құрайтын төрелік шешімге қатысты қорытынды шығарды. Стати ісіне қатысты тың мәлімет шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама