Halyq Uni логотип
×

70 медицина қызметкері жауапқа тартылды

Республика бойынша «Дәрмек» іс-шарасы өтті

 Динара Амантай 16.07.2024 | 09:20
70 медицина қызметкері жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Ел аумағында «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Іс-шара барысында қызметінде медициналық препараттарды пайдаланатын 831 кәсіпорын мен ұйым тексерілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабы бойынша 11 қылмыс әшкереленді. Әкімшілік жауапкершілікке 134 адам, оның ішінде 70 медицина қызметкері тартылды.

Сақтау шарттарын бұзғаны үшін 43 келіден астам есірткі және психотроптық заттар, 5 мың дәрі және 20 мың ампула психобелсенді препараттар тәркіленді.

Лицензиялау нормаларын және оларды сақтау объектілерін техникалық нығайту талаптарын бұзғандықтан, 5 мың тоннадан астам прекурсордың айналымы шектелді.

Тексеріс барысында Ақтөбе облысының өнеркәсіптік объектілерінің бірінің аумағында прекурсорлармен жұмыс жасау ережелері бұзылып сақталған 20 тоннадан астам күкірт қышқылы анықталды және тәркіленді.

Алматы қаласында медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою ережелерінің бұзылғандығы анықталып, онда 624 ампула промедол мен 825 ампула фентанил тәркіленді.

Компанияның директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш қылмыс 160 АЕК дейінгі айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама