Бұл әлбетте ғасыр оқиғасы болды, дейді ол
Қазақстандық боксшы, WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жаңа зеландиялық Андрей Михайлович өтпей қалған жекпе-жектен кейін әлеуметтік желідегі парақшасына пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Осы айқас үшін 7000 миль жолды артқа тастап, саяхаттадым. Алайда күтпеген жағдай болып, жекпе-жектің болмай қалғаны әрине өкінішті. Бұл әлбетте ғасыр оқиғасы болды. Амал жоқ көнеміз. Сіздердің сүйіспеншіліктеріңізге көп рақмет. Осы бір келеңсіздікті еңсеруге сіздер көмектесесіздер, - деп жазды Михайлович.