Halyq Uni логотип
×

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Еліміздің шығыс аймағында да жауын-шашын күтіледі

 Халық үні 16.07.2024 | 06:34
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay.com

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жауын-шашынды күн райына республиканың көп өңірінің циклонның ықпалында болуы әсер етеді.

16-17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 7-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығыс аймағында да жауын-шашын күтіледі. Бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр.

Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +25 +36°С, солтүстік-батысында +25+30°C болады деп күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +27+37°С, оңтүстік-шығысында +25+35°С, солтүстікте, орталықта +21+30°С, шығысында +23+32°С дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама